Қазақстанда 2013 жылы мас жүргізушілердің кесірінен қайтыс болғандар саны

Жыл басынан бері республикада мас жүргізушілердің кесірінен болған 485 жол апаты тіркелді. Онда 88 адам қайтыс болып, 734 адам жарақат алды.

Полиция мәліметіне сәйкес, биылғы жылы мас күйінде көлік тізгініне отырған 39605 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осыған байланысты және жол апатының алдын алу мақсатында 6-7 және 13-14 желтоқсандағы мерекелер қарсаңында республикада «Мас жүргізуші – қылмыскер» атты профилактикалық шара өткізіледі.