Қазақстанда 2014 жылдың басынан бастап жолаушыларды теміржолмен тасымалдау қымбаттайды

Жолаушыларды теміржолмен облыстар арасына және халықаралық тасымалдау "Жолаушыларды тасымалдау" АҚ-ның бүкіл үлгідегі вагондары үшін 7% қымбаттайды; "Қала маңына тасымалдау" АҚ вагондары үшін де 7%.

Бұл шешім компаниялардың ақталмайтын ақшасын төмендету мақсатында қабылданып отыр, деп хабарлады "Жолаушыларды тасымалдау" АҚ баспасөз қызметінен.

Тарифтерді өзгертуге жолаушылар шаруашылығының қажеттілігі үшін сатып алынатын отын-энергетикалық ресурстардың елеулі қымбаттауы, қатты отын , судың қымбаттауы (7%), вокзал шаруашылығы қызметінің (орташа алғанда 13%), вагондарды күрделі жөндеуден өткізу құнының артуы (орташа алғанда 48%), депо жөндеу жұмыстарының (7%) қымбаттауы себеп болған.

"Аталған факторларды ескере келе, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу агенттігі тарифтерді қымбаттатуды негізді деп шешті.