Қазақстанда 2014 жылы интернетте EXPO-2017 туралы жағымсыз нәрселерге қарсы күреске 2 млн теңгеден астам ақша бөлінеді

Мәселен, интернеттегі жағымсыз нәрселермен жұмыс ұйымдастыру жөніндегі қызметке 2 млн 16 мың теңге жұмсалады, делінген ұлттық компания сайтындағы құжатта.

Журналистер мен блогерлерге арнап медиатур ұйымдастырып, өткізуге 8 млн 304 мың теңге қаралған.

Қазақстандық БАҚ пен интернетте "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі тақырыбын насихаттауға 150 млн теңге жұмсалуы мүмкін.

Шетелдік БАҚ-дағы медиажобалар өндіру қызметіне ("ЭКСПО-2017" телевизиялық бағдарламалар тізбегі) 61 млн 440 мың теңге жұмсалмақ.

Сонымен қатар, 50 млн теңге "ЭКСПО Бала" 3D анимациялық мультсериалын жасауға қаралған.


Шетелдік БАҚ-да бейнероликтер жасап, орналастыруға 806 млн 813 мың теңге, қазақстандық телеарналар мен кабельді желілерге – 350 млн теңге бөлінбек.

Ақпарат құралдары бас редакторларымен кездесулер ұйымдастыруға және өткізуге 1 млн 255 мың теңге жұмсалуы мүмкін.

Барлық сома ҚҚС ескере отырып көрсетілген.