"2008 жылы жобаны жүзеге асыруға қаржы қажет болмайды, алдағы жылы біздер заманауи басқару технологияларын енгізу арқылы отандық өндіріс орындарына және кәсіпорындардың жұмысын жандандырып, құрал -жабдықтардың жаңартылуына қажетті қаржыны анықтап, зерттейтін боламыз "- деді Қ. Бишімбаев.
Вице-министрдің мәліметі бойынша, 2009 жылы бұл жобаны іске асыру үшін 10 млрд 252,5 млн теңге жұмсалады. Оның 7 млрд алдыңғы қатарда тұрған өнеркәсіп саласындағы техникалық құрал-жабдықтардың лизингісіне және 3 млрд елімізде екі конструкторлық бюро мен бір инжиниринг ұйым құруға бағытталады. "Бағдарламаның бірінші кезеңін жүзеге асыру үшін 2008 - 2010 жылдар аралығында 23 млрд 159,2 млн теңге қажет болады", - деп жауап берді ҚР ИСМ өкілі.
Оның ақпараты бойынша, бағдарламаның екінші кезеңіне "2011 - 2013 жылдары аралығында 67 млрд теңге, үшінші кезеңге - 64,5 млрд теңгеден аса қаржы жұмсалады . "2009-2015 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру үшін қаржы мөлшері жыл сайын жоспарланатын республикалық бюджетте қарастырылып, бекітілетін болады ", - деді Қ. Бишімбаев.
Ол атап өткеніндей, ҚР 2015 жылға дейін технологиялық даму бағдарламасы биылғы жылдың 26 қарашасында үкіметпен бекітілген болатын.
Жобада көрсетілгеніндей, бағдарламаның мақсаты бойынша жаңа технологиялар арқылы, кәсіпорындардың тиімді қуаттылығын арттырып, республиканың технологиялық дамуына қол жеткізу міндеттері тұр. Жоба мәтінінде жазылғанындай, бағдарлама орындалғаннан кейін, тиімді ғылыми жаңалықтарды өнеркәсіп саласына енгізудің жүйесін қолға алып, 5 конструкторлық бюро мен бір инжиниринг ұйымынан инженерлік инфрастрақұрылымды құру көзделген. Сондай-ақ, технологиялық жаңартулар арқылы, кәсіпорындардың техникалық деңгейін көтеру жоспарланған", деп жазылған бағдарламада.
Сонымен қатар, құжатты дайындағандар 2015 жылға дейін еңбек өнімділігі 2000 жылмен салыстырғанда кемінде 3 есеге дейін өсіп, ЖІӨ қуат сыйымдылығы екі есеге дейін төмендейді деген болжам айтуда. "Бағдарлама іске асырылғаннан кейін, қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес кәсіпорындарының құрал-жабдықтары жаңартылып, ЖІӨ құрылымында ғылыми және ғылыми инновациялық қызметінің ара салмағы 2000 жылы 0,9% дан 2015 жылы 1,5 - 1,7% артады", - делінген бағдарлама мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті