деп хабарлады республика ІІМ көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
"... Республикада ереже бұзғандығы үшін әкімшілік жауапқа 268 шетелдік азамат тартылды, оның 180-і ТМД азаматтары, 48-і алыс шет елдердің азаматтары”, делінген сейсенбіде департаменттен таралған ақпаратта.
Ақпаратқа қарағанда, сот қаулысына орай 36 азамат елден кеткен.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін, елде заңсыз жүрген тұлғаларды анықтау үшін және заңсыз көші-қонға тойтарыс беру үшін жуық арада "Мигрант" шарасын өткізу көзделген.