Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстан Мұхмедиұлы мәлімдеді.
«Біз 2015 жылы Қазақстанда «Шлиман Алтыны» көрмесін күтеміз. Бұл тамаша нәрсе болмақ», - деп ол бүгін мәжілісте «үкімет сағаты» барысында атап көрсетті.
Оның айтуынша, Қазақстанға Пушкин мұражайының директоры Ирина Антонова келіп осы мүмкіндікті талқылады. Қазір осы көрмені Қазақстанда өткізу мәселесін қарастырудамыз, дейді министр.
«Шлиман Алтыны» - неміс археологы Генрих Шлиман қазба жұмыстары кезінде тауып, КСРО аумағына 1945 жылы әкелген ежелгі Трои зергерлік бұйымдары.