Қазақстанда 2023 жылдың аяғына қарай инфляция бәсеңдейді - Ұлттық банк

2023 жылдың аяғына қарай Қазақстандағы инфляция базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер қабылдану жағдайында ағымдағы деңгейден 7,5-9,5 пайызға дейін төмендейді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Инфляция, біздің болжамдарымыз бойынша, базалық мөлшерлеме бойынша қабылданатын шешімдер, контрциклдік фискалдық ережені жоспарлы түрде жүзеге асыру, сыртқы инфляциялық қысымды кезең-кезеңмен төмендету аясында 2023 жылдың аяғына қарай ағымдағы деңгейден 7,5-9,5 пайызға дейін бәсеңдейді", ​​- деді Баймағамбетов үкімет отырысында.

Спикердің айтуынша, қазір Ұлттық банкте кезекті болжам жасау раунды өтіп жатыр, оның қорытындысы биыл 5 қыркүйекте жарияланады.


Орта мерзімді перспективада жаңа сілкіністер болмаған жағдайда инфляция 2024 жылдың аяғына қарай мақсатты дәлізге жақындайды, деп қосты Баймағамбетов.