Бұл туралы алқа отырысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев баяндады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жоба проблемалық мәселелерді, оның ішінде мұнайгаз-химия жобаларын шикізатпен қамтамасыз ету, мұнайгаз-химия кластерін құру, қайта өңдеуді дамыту мәселелерін шешуге баса назар аудара отырып, саланы нақты дамытуға мүмкіндік береді. Одан басқа мұнайгаз-химия жобасын іске асыру кезінде оның қажеттіліктерін ескере отырып, ел Үкіметі мен инвестор арасында жеке келісім әзірлеу мәселесі пысықталып жатыр, - деді министр.
Министрдің сөзінше, жоғарыда аталған шаралар 2025 жылға қарай 5 зауыттың құрылысын аяқтауға мүмкіндік береді, оның ішінде Атырау облысындағы үш зауыт бар. Біріншісі, қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт. Екіншісі техникалық газдар - қуаты 57 млн текше метр азот және 34 млн текше метр құрғақ сығылған ауа өндіру бойынша. Үшіншісі, қуаты жылына 430 мың тонна полиэтелентерефталат өндіру бойынша үш зауыттың құрылысын аяқтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Шымкентте қуаты жылына 81 мың тонна полипропилен және Шымкент мұнай өңдеу зауытының шикізаты базасында қуаты жылына 57 мың тонна бензинге арналған октан арттырғыш қоспаларды өндіретін жаңа зауыттың құрылысы аяқталады. Оралда қуаты 182 мың тонна және гликоль өндіретін зауыт салынатын болады.
Өндіріс көлемі 9 есе артып, 2 млн тонна мұнайгаз-химия өнімін өндіру күтіліп отыр. Сондай-ақ, ел экономикасына инвестициялар көлемі шамамен 3,9 млрд АҚШ долларын құрайды. Осылайша, базалық мұнайгаз-химия өнімін өндіру мұнай-газ саласындағы терең өңдеуді дамыту үшін берік негіз болады, бұл біздің шикізат экономикасын әртараптандыру және технологиялық дамуға ұмтылу жөніндегі стратегиямызға сәйкес келеді, - деп түсіндірді министр Ноғаев.