"Биыл тұқым себу аумағының ұлғаюына, ресурс үнемдегіш жаңа технологияларды, асыл тұқым мен қазіргі заманауи техниканы пайдаланылуға байланысты өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғарғы көрсеткіш 22 млн тонна бидай жинау жоспарланып отыр", - деп көрсетілген Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінің таратқан баспасөз баянында.
Министрлік ақпаратына сәйкес, "бүгінгі күні бүкіл республика бойынша 21 млн 427 тонна немесе бүкіл көлемнің 97,1% бидай жиналды. Әр гектарынан орташа көрсеткіш 14,5 центнер болып отыр. Былтырдан қалған жыл сайын ауысып отыратын бидай қорымен қосқанда бұл көлем республикамыздың ішкі қажеттілігін қанағаттандыруға толық жетеді. Ал экспорт көлемі шамамен 9 млн тоннаны құрауы мүмкін", - деп атап өтті Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, министрлік ақпаратына сәйкес, 20 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша элеваторларда 16 млн 990 мың тонна астық бар. "Республиканың ішкі қажеттілігі үшін жылына 3 млн 300 мың тонна астық қажет", - деп көрсетілген хабарлама мәтінінде.
Ауыл шаруашылық министрлігі қазіргі әлемдік конъюнктура қазақстан астығының да бағасын көтергендігін атап өтті. Алайда, министрліктің пайымдауынша, "астықтың қымбаттылығы ауыл халқына өз шаруашылықтарының және агротехнологиясының материалдық базасын ұлғайтуға мүмкіншілік береді. Бұл Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кірер алдында тіпті де маңызды". "Қазақстанда соңғы үш айдың ішінде астық 67 пайызға қымбаттаған. Осының нәтижесінде ішкі нарықта ұн бағасы 58 пайызға көтерілді. Дегенмен, нан бағасының құрылымында ұн бағасы 28 пайыздан аспайды", - деді баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, үкімет тарапынан еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қосымша шаралар іске асырылуда, деді министрлік өкілдері. Мысалы, 10 қыркүйек күнгі үкіметтің селекторлық жиналысында облыс әкімдеріне "Азық-түлік корпорациясы" АҚ-мен бірлесе отырып биылғы жылдың астық жинау мезгілінде коммерциялық негізде облыстардың тұрақтандырғыш астық қорын құру мақсатында 3 млн тонна астық сатып алу жүктелген. "Сатып алынған астық сол аймақтарда сақталады және сол жердің халқын астықпен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын болады",- деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті