Қазақстанда 241 мұғалімнен коронавирус анықталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"241 жағдай - мұғалімдер арасындағы жағдай. Бұл бүкіл ел бойынша, барлық 17 өңірде. Тергеу жүргізіліп, байланыста болған адамдар анықталып жатыр, ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деді Есмағамбетова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, кезекші сыныптарда оқитын 302 оқушыдан және қашықтан оқитын 740 оқушыдан коронавирус анықталған.