Білім және ғылым министрлігінің 17 ақпандағы тиісті бұйрығы бүгін ресми ақпарат құралдарында жарияланды және осы күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрыққа сәйкес «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үкімткерлерден 2014 жылы құжаттар қабылдау мерзімі мен конкурс өткізу мерзімі белгіленген. Яғни, конкурс 2014 жылы 1 мамырдан бастап 2015 жылғы 31 қаңтарға дейін өткізіледі.
Бұйрыққа сәйкес стипендия тағайындау конкурсының жеңімпаздарының оқуына, тілдік курстар өтуіне ұсынылатын жетекші шетелдік жоғары оқу орындары, шетелдік ұйымдар тізімі, 2014 жылға арналған «Болашақ» стипендиясы шеңберінде шетелде оқуға арналған туыс мамандықтар тізімі бекітілген.
«Болашақ» стипендиясын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылы 5 қарашада шетелде кадрлар даярлау мақсатында құрды. Бағдарлама шеіберінде белді шетелдік жоғары оқу орындарында қазақстандық кадрлар даярлықтан өтеді.
2014 жылы 1100 "Болашақ" стипнедиясы бөлінеді. Бағдарлама жүзеге асырылған жиырма жыл ішінде он мыңнан астам адам осы бағдарлама стипендиясын иеленді.