Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап бірқатар шектеу енгізіледі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирустың "омикрон" штамына байланысты ел билігі карантиндік шараларды күшейтеді.

Оның айтуынша, коронавирустың жаңа "омикрон" штамының пайда болғаны ескеріліп, оның республика аумағында таралуына жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссияда осы жылдың 3 желтоқсанынан бастап мынадай шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданған:

  • Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Оңтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу;
  • "омикрон" штамы табылған елдерден келетін адамдар үшін вакцина алған-алмағанына қарамастан міндетті ПТР тестілеу енгізу. Олар: Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египет.

  • "омикрон" тіркелген елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантиніне оқшаулануға тиіс.

Осыған орай, санитарлық-эпидемиологиялық комитет департаменттері шетелден келген азаматтар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға уақытылы беріп, ал әкімдіктер оларды емхана деңгейінде қашықтықтан бақылауды қамтамасыз етуі қажет.