Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, тек үстіміздегі жылдың өзінде 60 мыңнан астам адам ішкі істер органдарының есебіне тұрғызылған, олардың 26 мыңдайы ішімдікке салынғандар, 10 мыңнан астамы бұрын сотталғандар, 4 мыңға жуығы наркомандар, 15 мың адам отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылар. Учаскелік полицейлердің материалдары бойынша соттар 2007 жылы ішімдікке салынған және есірткіге тәуелді ауруларды арнайы емдеу-профилактикалық мекемелерге жіберу туралы 5 мыңнан астам шешім шығарған.
Комитеттің мәліметтеріне сүйенсек, жыл басынан бері учаскелік инспекторлар 18 мыңнан астам қылмыстарды, немесе тергеу аяқталған қылмыстық істердің 34,5 пайызын ашқан, оның ішінде 35,9 пайызы адам өлтіру, 39,4 пайызы шабуыл, 40 пайыздан астамы ұрлық пен тонау, 23 пайызы есірткі қылмыстары.
Сонымен қатар, республикамызда ақпанның ортасында учаскелік инспекторлардың арнайы жүргізген іс-шараларының бірінші кезеңі өткізілген болатын. Бірінші кезең барысында учаскелік полицейлер 3,2 млн үйге тексеру жүргізген, ол халықтың 81 пайызын қамтып отыр. 1-қыркүйектен бастап осы іс-шараның екінші кезеңі басталған болатын. Бұл кезең 1-қарашаға дейін жалғасады.
Полицейлер, учаскелік инспекторлардың жұмысына 3 мыңға жуық қоғамдық құрылымдар, соның ішінде "Сарбаздар", "Сақшы", студенттік отрядтар, полицияның қоғамдық көмекшілері көмек көрсетуде. Жалпы республика бойынша жыл басынан бері қоғамдық құрылымдардың қатысуымен 2 мыңнан астам қылмыс ашылып, 30 мыңнан астам заң бұзушылар ұсталған.
Азаматтарды материалдық тұрғыдан ынталандыру үшін жергілікті атқарушы органдар 27 млн теңгеден астам қаржы бөлген. Қоғамдық тәртіп орнатуға белсенді қатысқандығы үшін екі мыңға жуық азамат 14 млн теңге сомасында сыйақы алған. "1044 адам - әкімшілік заң бұзушылықты анықтауға мүмкіндік берген ақпараты үшін, 546 азамат тонау, бұзақылық, ұрлық және ауыр дене жарақатын келтіру қылмыстарын ашуға көмектескен, 14 - адам өлтіру қылмысын ашуға көмектессе, 60 адам мал ұрлығын ашудағы көмегі үшін сыйақы алған",- деп қосты комитеттегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті