"Баспанаға мұқтаж 7 мыңдай әскери болған, былтыр біз 1,5 мың пәтерді пайдалануға бердік, сөйтіп баспанаға мұқтаж әскерилер саны 5 мыңға дейін азайды", - деді Б. Жаңасаев.
Оның айтуынша, қазір ҚР Қорғаныс министрлігі әскерилердің жинақ жүйесі бойынша арнаулы есепшоттар ашу арқылы кепілді баспана алудың жаңа формасын енгізу қарастырылған заң жобасын жасауда.