"Қазақтелекомның" ақпараттарына сүйенсек, 5-қазанға дейін қалааралық кодтарды "3" және "7" сандары арқылы теру мүмкіндігі қатар жүрген. "2007 жылдың 5-қазанынан бастап Қазақстан бойынша телефон кодтарын тек "жетілікпен" ғана теруге болады. Яғни, мысалы Астана қаласына қоңырау шалу үшін бұрындары "8-3172- абонент нөмірі" терілсе, енді "8 - 7172- абонент нөмірін" тереміз. Және де Алматының коды енді 327(2) емес, 727(2) болады",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылдың 5-тамызында Қазақстанның барлық қалалары мен облыс орталықтары кодтарының бірінші саны өзгерген болатын, дәлірек айтсақ кодтардың бастапқы "3" саны - "7-ге" ауыстырылып, қалған екі саны өзгеріссіз қалған болатын.
Облыс ішіндегі қоңырау шалу кодтары да өзгерген. Мысалы бұрын Қаскелеңнен Қапшағайға (Алматы облысы) қоңырау шалу үшін "8-272-абонент нөмірін" терсек, 5-тамыздан бастап "8-727-72-абнент нөмірін" теру қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті