Қазақстанда 6 шілде биылдан бастап мемлекеттік мереке ретінде тойлануы мүмкін

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға енгізілетін түзетулер тез арада қабылданған жағдайда 6-шілде- Астана күнін біз биылдан бастап-ақ мемлекеттік мереке ретінде атап өтеміз", - деді О. Мұхамеджанов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәжіліс депутаттары 18 маусымда өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады. "Заң жобасында "6-шілде - Астана күні" деген жаңа мемлекеттік мерекені қосу қарастырылуда, ол халық үшін тарихи-мәдени маңызға ие болып, Қазақстан Республикасының жетістіктерінің нышанына айналмақ", - делінген мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қорытындысында.