Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"2020 жылы 1025 ардагер болса, биыл - 665. Ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды, соның ішінде тыл еңбеккерлерін алатын болсақ, олардың саны 127 мыңнан 114 мың адамға дейін қысқарды", - деп хабарлады Әукенов ОКҚ онлайн-брифингінде.
Бұған дейін 9 мамырға Қазақстанда ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 6,4 миллиард теңге төлемге жұмсалатыны хабарланған болатын.