"Конференция регламенті бойынша үлескер өз сұрағын электронды үкіметтің порталына жолдайды, электронды үкіметтің порталы оны модераторға жібереді, модератор бұл сұрақты жауапты мемлекеттік органға жолдайды", - деді Қ. Есекеев.
"Интернет-конференцияға қатысушының өзі айқындайтын жауапты мемлекеттік орган жауабын жазып, электрондық сандық тәсілмей қол қойып, оны порталға жібереді, үлескер оны осы порталдан алады. Мемлекеттік органдар кез-келген сауалға 10 күнде жауап беруге тиіс", - деді ол.