Қазақстанда Абаймен аттас 17 мыңнан астам адам бар

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық арна таратқан ақпаратқа қарағанда, абаймен аттас 17 мыңнан астам адамның 2100-і Түркістан өңірінде тұрады. Соның бірі теміржолшы Абай Құнанбайұлы болса, екіншісі жеті жасар жеткіншек. Жетісу өңірінде де Абай Құнанбаев атты шаруа бар. Ол да ұлы хакімге ұқсап, аздап өлең жазады екен.

Қолын сермеп, жүректен тербеп, «бес дұшпан» мен «бес асыл істі» санап тұрған сары бала-Абай Құнанбаев. Туу туралы куәлігі соған дәлел. Атасы - Шыңғыстаудың емес, Түркістанның Құнанбайы. Болмасаң да ұқсап бақ,- деп немересіне ұлы адамның атын қойған сол кісі.


«Аты-жөнін естіген үлкендер де үнемі ақ батасын береді»,- дейді жеті жасар жеткіншек.