Қазақстанда АЭС салу туралы түпкілікті шешім жан-жақты талқыланғаннан кейін қабылданады


Бұл туралы Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мәлім етті.
«Әлі шешім қабылданған жоқ. Түпкілікті шешім кеңінен талқыланғаннан кейін, ең алдымен халық арасында сарапқа салынғаннан кейін қабылданады. Бұл мәселе биліктің барлық құрылымдарымен талқыланады», - деді Б.Жақсалиев бейсенбі күні мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында.
Бұған дейін Қазақстанға екі атом станциясы салынуы мүмкін деген ақпар таратылған болатын. Онда станцияның бірі ШҚО Курчатов қаласына, екіншісі Алматы облысындағы Балқаш көлі маңына салынуы тиіс делінген-ді.