Қазақстанда ағылмалы тәсілмен компьютерлер өндіру жобасы жүзеге асырыла бастады - Қ.Келімбетов

Оның айтуынша, "Алатау" ақпараттық технологиялар паркінің аумағында ауыр серверлер өндірісін құру жұмыстары жүргізілуде. "Бұл жоба суперкомпьютер өндірісінің базасына айналады деп межеленген",- деді Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, мультимедиялық мониторлар жасау жөніндегі бірлесен кәсіпорын құруға бағытталған DSL Glotur Multimedia жобасы алдағы уақытта Қазақстанда зерттеу лабораториясын құруды талап етеді. "Бұл аталмыш технологияны табысты меңгеруге ғана алып келмей, сонымен бірге оны Қазақстанның ғылыми-технологиялық базасында одан әрі дамытуға және жаңа өнімдер жасауға жол ашады".

"Жалпы алғанда қазір Ұлттық инновациялық қордың қоржынында әлемдік брендтердің қатысуымен қосқанда жалпы құны 200 млн. АҚШ долларын құрайтын 18 жоба бар",- деп хабарлады Қ.Келімбетов. Оның ақпаратына сәйкес, бұған қоса Алкатель және Аления Спейс компанияларымен Қазақстанда жылына 10 жер серігін жасай алатын жер серіктері өндірісінің негізін қалау жөнінде келіссөздер жүргізілді. Сонымен бірге биотехнологиялық өндірістер құру, "стволовые клетки" өндіру және жаңа құрылыс материалдарын жасау жөніндегі жобалар қаралуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті