"Қазақстанда ағымдағы жылдың қыркүйек айында инфляция 0,6% болды, яғни, 9 айдағы инфляция 8,1%-ға тең", -деді Кәрім Мәсімов.
"Біз 10%-дан кем деңгейде қалу мақсатын қойып отырмыз. Алдағы үш айда бізде ол үшін 1,9% қалды", -деді ол.
"Халықаралық валюта қоры бірнеше күн бұрын Қазақстандағы инфляция 11,5% құрайды деп болжам айтқан. Ендігі үш айда қайсымыздың болжамымыз дұрыс болғанын байқаймыз", -деді үкімет басшысы.