Caravan Logo

Қазақстанда ағымдағы жылы БАҚ-тардағы мемлекеттік тапсырыс көлемі екі есе ұлғайтылды - мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстанда ағымдағы жылы БАҚ-тардағы мемлекеттік тапсырыс көлемі екі есе ұлғайтылды - мәдениет және ақпарат министрі

"Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 81 тақырып бойынша 94 баспа және электронды БАҚ-қа берілді, 2007 жылы 48 БАҚ-қа тапсырыс берілген", -деді М. Құл-Мұхаммед.

"Мен әлбетте, мемлекеттік емес БАҚ-тарды жан-жақты дамыту мен қолдауды жақтаймын, олардың келешегі бар", -деді министр. "Бірақ сонымен бірге кез-келген ел мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізуден мүдделі, сол себепті біздің қызметтің дәл осы бағытын қолдау үшін министрлік мемлекеттік тапсырысты жеке меншік электрондық және баспа БАҚ-тарда орналастырады. Меніңше, бұл - дұрыс саясат", - деді ол.

"Біз осынау медиа құрылымдардың ішкі ісіне қол сұқпай-ақ, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін мемлекеттік тапсырыс береміз", -деді М. Құл-Мұхаммед.