Қазақстанда ағымдағы жылы заңсыз миграцияның 10 арнасы жабылды

"Заңсыз миграцияның 10 арнасы жабылды. Қырғызстан, Өзбекстан және ҚХР азаматтарын заңсыз елге кіргізуді ұйымдастыру, соның ішінде ішкі істер органдары қызметкерлерін "бүркенумен", деректері бойынша бірқатар қылмыстық іс қозғалды",- деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, ІІМ және СІМ бірлесіп өткізген операциялар барысында ҚР болу ережелерін бұзған 4 мыңнан астам шетелдік азамат және азаматтығы жоқ тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы алғанда, 2007 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы 20 млн. астам тұлға және шамамен 3 млн. көлік құралдары өткізілді. 16,7 мың шекара бұзушы және 131 жүзу құралы ұсталды. 2 мыңнан астам контрабанда әрекетінің жолы кесілді. Каспийде бір ғана операцияның барысында 2 браконьерлік ошақ жойылды, заңсыз кәсібі үшін 42 жүзу құралы, 137 шетелдік ұсталды, 6 тоннадан астам бекіре тұқымдас балық, бір тоннадан астам уылдырық және 100 км кәсіби аулар тәркіленді.