Қазақстанда ағымдағы жылы жем дайындау қарқыны өткен жылғыдан төмен - Ауылшаруашылығы министрлігі

"Жалпы республика бойынша жем дайындау қарқыны қуаңшылыққа және еркін нарықта дизельдік отын бағасының қымбаттауына байланысты өткен жылғыдан төмен", - деді А. Күрішбаев.

Қазір барлық облыста жем дайындалуда. "Бүгінгі күні 9,2 млн тонна шөп дайындалған, бұл жоспардың 72% -ына тең, 125 мың тонна пішен дайындалды, бұл жоспардың 12%", - деді ол.

Министрдің айтуынша, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарында жем дайындау қарқыны төмен.