Палатаның басты іс-қызмет бағыттары "ҚазАгро" Ұлттық холдингі АҚ-ның жанындағы консультативтік-кеңес органы ретінде айқындалған. Атап айтсақ, палата агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік саясатқа қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау, ұлттық холдингтің іс-қызметіне қатысты салалардағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөнінде нұсқаулар дайындау, мемлекет пен жеке меншік сектор форматындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етуге қажетті ұстанымдарды бірлесе іздеумен шұғылданбақ.
Палатаның жұмыс тәртіптерін оның төрағасы Әлихан Смайылов анықтайды. Ол палата мүшелерінен палатаның іс-қызметінің бағыттары бойынша жұмыс топтарын құра алады.
Агроөнеркәсіптік кешен субьектілері өкілдерінің палатасы құрамына Қазақстан Республикасының жұмыс берушілері мен кәсіпкерлерінің жалпыұлттық "Атамекен" одағы, "Қазақстанның астық өңдеушілері мен наубайшыларының одағы", "Қазақстанның шарап жасаушыларының одағы", "Бахус" АҚ, Қазақстанның құс өсірушілерінің одағы, "Қазақстанның астық одағы" мен "ҚазАгро" Ұлттық холдингі АҚ-ның өкілдері кірген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті