Қазақстанда Аи-80 маркалы бензиннің өндірісі тоқтатылмайтын болды

Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздіңше, 80-ші бензиннің тұтыну көлемінің артуына, жүргізушілердің үнемдеу мақсатында Аи-92 жанар-жағармайының орнына 80-ші бензинді құюы әсер етті. Онымен қоса, коммуналдық шаруашылықтар үшін арнайы тапсырыспен бұл көлем зауыттармен шығарыла береді. Жоспар бойынша, мұнай өңдеу зауыттарының жаңғыртылуы аяқталған соң, Аи-80 жанар-жағармайының өндірісі аяқталады және ол 2018 жылы орын алмақ», - деді Мағауов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар, оның сөзінше, Қазақстандағы көліктердің 99%-ы Аи-92 және одан жоғары маркалы бензинмен жүреді.


Теxникалық төлқұжат бойынша, экологиялық талаптар бойынша, барлығы кемінде Аи-92 маркалы бензинмен жүрулері тиіс. 80-ші бензинін өте аз, негізінен 90-шы жылдары шыққан ескі көліктер тұтынады.

Бұдан бұрын xабарлағанымыздай, Аи-80 жанар-жағармайының көлемі Қазақстанда азаюда. Энергетика министрлігі аталған маркалы бензинді 2016 жылы қолданыстан шығаруды көздеген болатын.