Қазақстанда әйелдер үшін жұмыс уақытын қысқарту ұсынылды

“Бізде Қазақстандағы әйелдер демалыссыз 18 сағаттық жұмыс күнін атқарады. Әйелдер таңертеңнен отбасы үшін таңғы ас дайындайды, сосын балабақшаға апару және мектеп, сосын 9-дан кешкі 7-ге дейін жұмыс, сосын үйге қайту, кешкі ас, үй тазалау, кір жуу, мектеп тапсырмасына көмектесу, ерлі-зайыптылық міндет. Сонда небәрі 5-6 сағат ғана тынығады. Күн сайын солай. Демалыс күндері тіпті сұмдық. Әйелдерге артылған жүкті аз да болса төмендету үшін олардың жұмыс уақытын жеті сағатқа азайтуды ұсынамын. Ал жұма күндері тіпті түскі ас уақытына дейін ғана жұмыс істеуі керек”, – деп жазды заңгер.


Ол сондай-ақ, жұмыс берушілердің әйелдерді жұмыс уақытынан кейін де ұстауларын сынады.

“Мұндай ереже бұзғыштарды жұмыстан қуу керек”, – дейді Жангелді Сүлейменов.