Қазақстанда аймақтық саясат жөніндегі комиссия құрылды

«Біз қазір шешім қабылдадық, үкіметте мен басқаратын аймақтық саясат жөнінде ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Енді осы мәселе бойынша аймақтарға қатысты барлық жобалар осы ведомствоаралық комиссияда түйісетін болады», - деп Б.Сағынтаев бүгін Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің алқа отырысында атап көрсетті.

Оның айтуынша, комиссия аймақтардағы министрліктердің қызметінің үйлеспеуі салдарынан құрылған.


Комиссияның бірінші отырысы жақында өтпек.