Caravan Logo

Қазақстанда алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады

Алдағы үш тәулікте Қазақстан арқылы ығысатын арктикалық суық фронттар қардың жаууын, бұрқасын, күшті солтүстік-батыс желін, оңтүстік облыстарында жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, тұман және көктайғақ тудыратын болады. Оның шығысқа қарай ығысуынан Қазақстанның батыс облыстарында да күн суытады. Шығыс пен орталықта түнгі ауа температурасы минус 25…33°С-қа дейін төмендейді, - делінген хабарламада.

Алайда, Атлант мұхитынан жылжыған циклондар суықтың ұзақ ұстап тұруына жол бермейді. Кезекті циклонмен 13 ақпанда республиканың батысы мен солтүстігінде ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.