Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Болжам бойынша, еліміздің солтүстік аймақтарына Батыс антициклоны келеді. Антициклон әсерінен республиканың шеткі батыс және солтүстік өңірлерін қоспағанда, басқа өңірлерде жауын-шашын тоқтайды.
"Сондай-ақ, антициклон еліміздің барлық аумағында ауа температурасының көтерілуіне әсер етеді, бұл қазақстандықтарға нағыз көктемді сезінуге мүмкіндік береді.
Күндіз батыста термометрлер +10 +20 градусқа дейін, солтүстік пен шығыста +5 +13 градусқа дейін, ал оңтүстікте +15 +23 градусқа дейін жетеді", - делінген хабарламада.