Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны хабарланды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Республиканың басым бөлігінде ауа райына циклон және онымен байланысты фронталь бөліктер әсер етеді. Бұл ауа райының тұрақсыз болуына ықпал етеді. Осыған байланысты солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл болып, екпінді жел соғады.

"Батыста ауа температурасы түнде + 12+22 градус, күндіз +25+35 градус, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы +7+20 градус, күндіз термометрлер +12+28 градус, еліміздің орталығында және шығысында түнде ауа температурасы +8+20 градус, күндіз +15+28 градус, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+23 градус, күндіз +25+32 градус болады", - делінген хабарламада.