ТЖ министрі Владимир Божко осылай деп мәлімдеді.
"Жалпы, ірі қалалар мен халқының саны 5 мыңнан асатын елді мекендерді өрттен толыққанды қорғау үшін кем дегенде 177 депо салу қажет (...). Алдағы 10 жылда әр жыл сайын 15 деподан салынуы тиіс", - деді ол дүйсенбі күні Астанада заңның сақталуын, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес, өрт қауіпсіздігі жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында.
Министрдің айтуынша, соңғы 9 жылда еліміз бойынша 10 депо пайдалануға берілген.
"Оған қоса, 160-тан астам өрт сөндіру депосының іске қосылғанна 40 жылдан асқан. Бұл әрине, онша қорқынышты емес. Өйткені, өзге елдерде олар 50-60 тіпті, 100 жылға дейін пайдаланылады. Десек те, ұзақ жылдар бойы жұмыс ісеген 21 депо ғимараты жарамсыз болып танылды", - деді ол.
Сала басшысының сөзіне сүйенсек, 2014 жыл бюджеті шеңберінде ТЖМ-не 3 депо салуға қаражат бөлінген. Сонымен қатар, Астана, Атырау, Ақтау, Павлодар мен Оралда 5 депоның, ЭКСПО көрмесіне дайындық шеңберінде тағы 2 депоның жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу туралы ұсыныс мақұлданды.
Сонмен қатар, 10 депоны күрделі жөндеуден өткізіп, тағы 10 өрт сөндіру бөлімшесін күрделі жөндеу жөнінде ПСҚ әзірлеуге қаржы қарастырылған.
Осы мақсаттарға арнап биыл республикалық бюджеттен 3 млрд 32 млн 774 мың теңге қаржы бөлінді, деді В.Божко.
Министр өрт сөндіру мекемелерінің автопаркін жыл сайын жаңартып отыру қажеттігін де қадап айтты.