29-31 қазан күндері желдің күшеюі күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
31 қазан күні антициклонның ықпалымен түнде республиканың батысы мен солтүстік-батысында ауа температурасы -3, -11 градусқа дейін, солтүстік, шығыс және орталығында 0, -8 градусқа дейін төмендейді, ал оңтүстік, оңтүстік-шығысында +3,+8 градусқа дейін жылы болады, кейбір жерлерде 0,-5 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.