Қазақстанда алдағы үш тәулікте өткінші жаңбыр жауады


«Қазгидромет» РМК-нің ақпаратынша, кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал. Республиканың батыс және солтүстік облыстарындағы ауа температурасы орташа көпжылдық көрсеткіштерінің шамасында және кейбір жерлерде 1-2 градус төмен болатыны шамаланып отыр. Қалған аумағында ол нормадан 2-4 градус жоғары болады.