"Қазақстанда қыркүйектің аяғында "Алдаспан-2008"атты Қазақстан мен Ресейдің бірлескен оперативтік-тактикалық, командалық -штабтық оқу-жаттығулары өтеді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу-жаттығуларға Қазақстанның Қарулы Күштерінің "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының басқарушы органдары мен республиканың аэроұтқыр әскерлері, РФ Әскери-әуе күштерінің бас қолбасшылығының оперативтік тобы, Су-25 звеносы мен РФ Қарулы күштері Бас штабы бас басқармасының арнаулы тобы қатысады.