Қазақстанда әлеуметтік нанның қазіргі бағасы 2015 жылдың қазан айына дейін сақталуы ықтимал

деп хабарлады ауыл шаруашылық министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инеспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов.

Нан бағасына келер болсақ, меморандумдар есебінен нанның босатылым бағасы белгіленген. Сонымен қатар бұл меморандумдарды келесі жылдың қазан айына дейін ұзарту жайын қарастырудамыз", деді ол Астанада сейсенбіде баспасөз мәслихатында.

"Ол үшін "Азық-түлік корпорациясында" 800 мыңнан аса тонна бар, оны бірінші сұрыптағы нанның бағасы қымбаттамауы үшін пайдалануға болады, пайдалану керек те. Қазір сол міндет шешіледі", деді ол.


10 қыркүйек күні Қазақстан экономикасын жаңалау жөніндегі мемлекеттік комиссия меморандумдардың күшін ағымдағы жылдың соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.