Қазақстанда әлеуметтік жетімдіктің тарала түсуі алаңдатады - Ә.Мұсабаев

жағдайды сапалық жағынан өзгерту және проблеманы шешудің қазіргі заманғы тәсілдері» атты дөңгелек үстел барысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары Әділбек Мұсабаев айтты.

«Қазақстанда 9 мың бала балалар үйінде тәрбиеленуде. Дегенмен қазіргі уақытта әлеуметтік жетімдіктің кеңінен тарала бастауы барынша алаңдаушылық туындатады. Жетім балалардың 80 пайыздан астамы ата-анасы тірі болса да жетім қалып отыр», - деді ол.

Оның атап өтуінше, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры маңызды әлеуметтік және қоғамдық жобаларға белсенді түрде қолдау  көрсетіп келеді.

«Азаматтық бастамаларды белсенді түрде дамытатын әрі үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейтін қоғамдық ұйым ретіндегі біздің міндетіміз - бұл жұмыстарды сапалы әрі тиімді арнаға бұру. Осылайша, дәстүрлі әлеуметтік идеялар мен жобалар деп аталатын шараның аясында қор 2015 жылы Қазақстанда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін тәлімгерлік пен меймандық отбасы институтын дамытуға грант бөлді», - деді Ә.Мұсабаев.

Іс-шара барысында сарапшылар Қазақстандағы әлеуметтік жетімдіктің түрлі аспектілерін, заңнама тұрғысынан кәсіби мамандар даярлауды және отбасыларды психологиялық қолдау жайын талқылады.