Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Шара аясында «Балалар мен үлкендердің гемопоэтикалық дің жасушаларының трансплантациясы» тақырыбында VII Халықаралық симпозиумын өткізу жоспарланып отыр.
Симпозиумды ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы» АҚ, Академик И.П. Павлов атындағы Санкт-Петербор Мемлекеттік Медициналық университетінің Р.М. Горбачева атындағы Балалар гематологиясы және трансплантологиясы институты және «Leukemia. Net» Еуропалық гематологиялық ұйымы (Маннгейм, Германия).
Қазақстан Еуропа елдерінен, Америка Құрама Штаттарынан, Бразилиядан, Израильден, Түркиядан және ТМД елдерінен келетін қонақтарды қарсы алады.
Шара барысында қанның онкологиялық ауруларының дамуы, молекулярлы биология және гемобластоздарды емдеу мәселелері, балалар мен үлкендердің гемопоэтикалық дің жасушалары трансплантациясының түрлі аспектілері, жасушалық және иммунді терапияның өзекті мәселелері қарастырылады.
Симпозиум Қазақстанда гематологияның, онкологияның, ми кемігі трансплантациясының, жасушалық және иммунді терапияның дамуына жаңа серпін беріп, халықаралық ұйымдармен кәсіби және достық байланыстарымызды нығайта түседі деп күтілуде.