Қазақстанда алғаш рет Шариғат қағидалары мен нормаларына сай келетін төлем картасы шығарылды


Соның ішінде, ислам банкингінің, банктік емес қызметтер мен ислам қор нарығының дамуы ерекше орынға ие, деп хабарлады azan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебіне сәйкес 45,6% респонденттердің (олардың ішінде 33% мұсылман емес) исламдық қаржы ұйымдарының қызметін тұтынғысы келетінін айтты: 28% респонденттер ипотека арқылы тұрғын үй алуға, 11% автонесиеге және 11% шағын және орта бизнесті қаржыландыруға қызығушылық танытты.

Бұл ретте, отандық исламдық қаржы нарығындағы исламдық қаржы ұйымдары тек корпоративті секторға ғана қызмет көрсетеді.

Осыған байланысты, лизинг нарығында 17 жылдан аса тәжірибесі бар «Аль Сакр Финанс» АҚ (бұдан әрі – Компания) исламдық қаржыландырудың алуан түрлі қызметтерін ұсынатын исламдық қаржы компаниясына айналуға бел буды.

Шариғат кеңесі ретінде исламдық қаржыландыру бойынша 12 мемлекетте консультация жүргізетін жетекші халықаралық ұйым Shariyah Review Bureau (Бахрейн) таңдалды.

Стратегиялық мақсаттарына сәйкес Компания бүгінгі таңда жаңа қаржы өнімдерін әзірлеуде. Бұл ретте Компания Шариғат қағидалары мен нормаларына сай келетін төлем картасын ұсынды.

Төлем карталары Компания мен «Астан Банкі» АҚ-ң бірлескен өнімі болып табылады.

Карталардың негізгі ерекшелігі болып олардың толықтай Шариғат қағидалары мен нормаларына сәйкестігі табылады.

Карточкалардың артықшылығы:

шоттағы қалдыққа сыйақы есептелмейді;
картадағы қалдық соманы банк-эмитент пайыздық табыс қалыптастыруға қолданбайды;
Шариғат қағидаларына қайшы келетін тауарлар мен қызметтер бойынша транзакцияларға шектеулер қойылған;
картаға он-лайн тапсырыс беру мүмкіндігі бар;
әрбір сатылымнан 1,5 % дейінгі cashback мөлшері;
тегін жеткізу;
мультивалюттілік: қаржыны KZT, USD, EUR, RUB, GBP сақтау;
қаражатты толдықтыру мен алу үшін комиссияның жоқтығы;
дүние жүзі бойынша төлеу мүмкіндігі;
1 000 аса серіктестіктерден жеңілдік;
мобильді банкинг және басқа.

Алдын-ала тапсырысты www.goislamic.kz сайты арқылы жүзеге асыруға болады. Картаны қолға жеткізу арқылы үстіміздегі жылдың қараша айында алуға болады.