"Біздің пікірімізше, Қазақстанда алқа билер соты міндетті түрде болуға тиіс",- деді Б.Байқадамов депутаттар сауалына.
Омбудсменнің айтуынша, ол алқа билер сотының дүниежүзінде кеңінен таралған классикалық үлгісін таңдаған жөн деп санайды. "Бірақ біз құрлықтық үлгімен де келісеміз. Өйткені, алқа билердің болмағанынан, болғаны дұрыс. Ол тіпті бұл тұрғыда консервативтік көзқарастағы елдердің күткеніндей-ақ болсын мейлі. Ең негізгісі, алқа билердің жұмыс істей бастауында. Келе-келе бұл үлгінің тиімсіздігі байқалып жатса, біз классикалық үлгіге көше аламыз",- деді Б.Байқадамов.