Қазақстанда алтынның болжамды көлемі артуы мүмкін

Бұл туралы бүгін V Халықаралық тау-кен металлургия конгресінде ҚР Индустия және жаңа технологиялар министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев мәлім етті.

«2015-2019 жылдарда геологиялық барлау жұмыстары бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде алтынның, мыстың, полиметалдардың  болжамдық ресурстары артады деп күтілуде»,- деді ол.

Белгілі болғандай, бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 120 млрд. теңгеге  жуық қаржы қажет болмақ.


«Сонымен қатар 2015-2019 жылдар аралығында геологиялық барлауға ұлттық компаниялардың, ірі кен орнын пайдаланушылардың және  мүдделі инвесторлардың қатысуымен 900 млрд. теңгеге жуық инвестиция жоспарланған»,-деді Б. Нұрабаев.