Қазақстанда апатты гидротехникалық құрылыстар жоқ

«Жөндеуді қажет ететін құрылыстар бар, ал апатты күйдегі, ертең ауыр жағдай тудыруы мүмкін құрылыстар тіркелген жоқ», - деді Ж. Смайылов жұма күні ТЖ-ның алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысында.

Оның айтуынша, гидротехникалық құрылыстардың 90% бақылауға алынған.

«Гидроқұрылыстардың барлығы дерлік жеке меншікте, коммуналдық, республикалық меншікте екені тіркеуге алынған», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол ТЖМ парламентке азаматтық қорғаныс туралы заң жобасын ұсынатынын хабарлады. Онда меншік иелерінің су рбъектілерінің қауіпсіздігі үшін жауапкершілігін күшейту қарастырылған. «Жеке меншік иелері ( салғырттық танытқан жағдайда - ҚазТАГ) жазаланады ….әкімшілік айыппұлдар бар, қылмыстық қудалауға дейін», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, республикада 150-ге жуық жеке меншік гидроқұрылыс бар.

Еске сала кетейік, 2010 жылы көктемде Алматы облысының Қызылағаш ауылында су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан қайғылы оқиға болды. 40-тан аса адам қаза тапты. 1998 жылы бұл су қоймасы шаруа қожалықтарының біріне ақысыз пайдалануға берілген. Су тасқыны салдарынан ауыл түгелдей зардап шекті.