Қазақстанда апта соңына қарай аяз күшейеді, дейді синоптиктер

13 пен 15 ақпанда тек елдің батыс аймақтарында Ресейдің еуропалық бөлігінен жылы және ылғалды ауа массасының келуіне байланысты ауа температурасы жоғарылап, аздаған қар түседі.

Еліміздің басым бөлігінде ауа-райы антициклон әсерінен жылына қоймайды. Тек 13 ақпанда аяз аздап бәсеңдейді.

Алайда арктикалық ауа массасының ойысуына байланысты Қазақстан аумағында аяз қайта күшейіп, түнде солтүстікте, орталықта және шығыста күн 30-38 градус, оңтүстік пен оңтүстік шығыста -23-32 болады.