"Құқық және тәртіп" жедел - алдын-алу іс-шаралары республикада 14 мен 21-ақпан аралығында өткен болатын.
"Құқық және тәртіп" жедел - алдын-алу іс-шараларының нәтижесінде есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 627 қылмыс, соның ішінде 248 сату дерегі әшкерленді. Заңсыз айналымнан 108 килограммнан астам (108 кг 696 г) есірткі заттары, соның ішінде 4 килограммнан астам героин (4363) тәркіленді",- деді полицейлер.
Сонымен қатар, "Құқық және тәртіп" жедел - алдын-алу іс-шаралары барысында 26 бірлік қару-жарақ тәркіленген, яғни: бір Калашников автоматы, үш бесатар , жеті тапанша, он үш аң аулайтын шолақ мылтық, "Муха" қол гранатометы, сонымен қатар, 68 оқ-дәрі, тұтандырғышы бар екі соғыс гранатасы, танкіге қарсы мина және тротилді шашка тәркіленді.
Ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, жалпы республикада "Құқық және тәртіп" жедел - алдын-алу іс-шараларын өткізу кезінде 100 мыңнан астам азамат, олардың 11 163-і көші-қон заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. "Елімізден 1459 шетелдік шығарылды, олардың 86-сы алыс шетел азаматтары",- деп хабарлады полициядан.
Сондай-ақ, ішкі істер органдары 2 мыңнан астам қылмыстық іс қозғаған. "Ұйымдасқан қылмыс желісі бойынша 60 қылмыстық іс қозғалып, ұйымдасқын қылмыстық топтың 13 жетекшісі мен 22 мүшесі тұтқындалды",- деп атап көрсетті тәртіп сақшылары.
Полицияның мәліметтеріне сүйенсек, көлікті мас күйінде жүргізген 6 мыңнан астам жүргізуші құрықталып, заң бұзуға бейім 24 мыңдай тұлға, соның ішінде 10 765 нашақорлар мен маскүнемдер және де 2706 кәмелеттік жасқа толмағандар профилактикалық есепке тұрғызылды.
ІІМ-нің баспасөз баянында көрсетілгендей, "жедел - алдын-алу іс-шаралары аясында ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттер атқарылды, жүргізілген шаралар нәтижесінде өңірлердегі, сондай-ақ жалпы республикадағы қылмыстық ахуалдың тұрақтануына мүмкіндік туғызылды".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті