Қазақстанда арбитраждық талқылау институтын құру көзделіп отыр

Жоба авторларының пайымдауынша, заң республикадағы арбитраж іс-қызметін, шетелдерде шығарылған арбитраждық шешімдердің республика аумағында орындалуы, оны мойындау шарттары мен тәртіптерін реттейді. Үкімет жаңа заң жобасы туралы мәжіліске таныстыруды ҚР әділет министрінің орынбасары Сабыржан Бекбосыновқа міндеттеді.

Үкіметтік жоба бірінші кезекте мәжіліс бюросының таяудағы отырысында талқыланады.