"Операция барысында іздеуде жүрген 419 қылмыскер тұтқындалды. Оның ішінде 11 кісі өлтіруші, қарақшылық шабуыл жасаған 10 азамат, 25 тонаушы бар", - деп толықтырды Б. Қожахметов. Сонымен бірге, Қазақстан полициясының қызметкерлері ТМД-ның өзге елдерінің құқық қорғау органдарының қызметкерлері іздеу салған 48 қылмыскерді қамауға алған.
"Іздеу салынады" операциясы іздеу салынған қылмыскерлерді тұтқындау, сондай-ақ, із-түзсіз жоғалған азаматтардың мекен-жайын анықтау мақсатында мамырдың 18 мен 25 аралығында өткізілген.