Қазақстанда арнайы операция аясында полиция қызметкерлері браконьерлерден 42 тонна балық тәркіледі

Оның айтуынша, "Бекіре" жедел алдын алу шарасы басталғалы бері Орал-Каспий бассейнінің аумағынан Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының ішкі істер органдары 136 заң бұзу оқиғасын анықтап, 150 браконьерді тұтқындаған.

"Заң бұзушылардан 41,6 тонна балық тәркіленді. Оның ішінде, 2,5 тоннасы бекіре тұқымдас балықтар. Мемлекетке келген шығын 10 млн 380 мың теңгені құрады", - деп атап көрсетті Б. Қожахметов.

ІІМ мәліметтеріне сүйенсек, осы көрсетілген облыстардың ішкі істер органдары заңсыз балық аулағандары үшін 14 қылмыстық іс қозғаған. Сондай-ақ, балық және балық өнімдерін заңсыз сатып алғаны немесе сатқаны үшін 26 қылмыстық іс қозғалған. 387 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.