"Республикадағы асыл тұқымды малдардың саны орта есеппен 25-30 пайызға өсіп келеді, дегенмен, олардың үлесі жоғары болмай отыр, олардың саны мал шауруашылығында 3,6 пайызды құрайды; ал қой шаруашылығында - 6,9 пайызды, жылқы шауруашылығында - 2,5 пайыз, шошқа шаруашылығында - 6,5 пайызды құрайды",- деді Р. Тоқсейітова.
"Асыл тұқымдылардың үлес салмағын өсіру үшін 20 пайыздан (жалпы мал басынан - агенттік тілшісі) кем болмауға тиіс",- деп нақтылап өтті. Оның пайымдауынша, ахалдың бұлай болуына асыл тұқымды шаруашылықтырдың жеткіліксіз болуы себеп болып отыр.
Оның айтуынша, асыл тұқымды малдардың үлес салмағын көтеру мақсатында "ет алу мақсатындағы малшаруашылығындағы асыл тұқымды аналық малдың санына қатысты еңі төменгі талаптар 70 басқа дейін, ал қой шаруашылығында - 100 басқа дейін төмендетілген, бұл көптеген әлеуетті шаруашылықтарға асыл тұқымдылық мәртебесін алуға, жергілікті және республикалық бюджеттен субсидия алуға мүмкіндік береді".
"Асыл тұқымды малдардың үлес салмағын өсіру мақсатында 2008 жылы асыл тұқымды төлдерді сатуға субсидия көлемін өсіру қарастырылған, сондай-ақ субсидия көлемі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша 1,8 млрд теңге көлемінде қарастырылып отыр",- деп хабарлады Р. Тоқсейітова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті