Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібі өзгертіледі

"Менің білуімше, белгіленген жеңілдіктерді беру үшін ондай пилотты жоба биыл Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында басталып отыр. Бұл үшін біз республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлдік", деді ол Астанада дүйсенбіде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқасында.

Ол атап өткендей, бұл пилотты жобалардың нәтижелері міндетті түрде бақылауға алынады. "Қаржы тиімді жұмсалса екен", деді ол.

Еңбек министрі Тамара Дүйсенова атап өткендей, өткен жылы әлеуметтік қолдау бағдарламасын қаржыландыруға мемлекеттік бюджеттен шамамен 13 млрд теңге бөлініпті. "Елбасының тапсырмасына орай биыл жұмыс әлеуметтік көмектен әлеуметтік прогреске өту шеңберінде дамытылмақ. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудегі қайта құрылымдар соған сай болып отыр", деді министр.

Осыған орай, деді ол, сөз жоқ көмек объективті себептерге орай жасы келген, денсаулығы жарамсыз, мүгедек болып қалғандарға, яғни кедейшілікті өз бетімен жеңе алмайтындарға беріледі. Олардан бөлек еңбекке жарамды, қоғамдық жұмыстарға қатысатын, жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына қатысушыларға қолдау көрсетілмек. Айтулы төлемдер болмақ, онда көмек алушының жеке жауапкершілігі арта түспек, деді ол.